iOS MDM серверін тыныш режимде орнату

Kaspersky Security Center бағдарламасы iOS MDM серверін жергілікті құрылғыға тыныш режимде, яғни орнату параметрлерін интерактивті түрде енгізбей орнатуға мүмкіндік береді.

iOS MDM серверін жергілікті құрылғыға тыныш режимде орнату үшін:

  1. Лицензиялық келісімді оқып шығыңыз. Лицензиялық келісімді оқып шықсаңыз және оның шарттарын қабылдасаңыз, төмендегі пәрменді қолданыңыз.
  2. Келесі пәрменді орындаңыз:

    .\exec\setup.exe /s /v"DONT_USE_ANSWER_FILE=1 EULA=1 <setup_parameters>"

    мұндағы setup_parameters – бір-бірінен бос орын арқылы бөлінген параметрлер мен олардың мәндерінің тізбесі (PROP1=PROP1VAL PROP2=PROP2VAL). Setup.exe файлы Kaspersky Security Center дистрибутивінің ішіндегі Server қалтасында орналасқан.

iOS MDM серверін тыныш режимде орнату кезінде қолдануға болатын параметрлердің аттары мен ықтимал мәндері төмендегі кестеде келтірілген. Параметрлерді кез келген тәртіпте көрсетуге болады.

iOS MDM серверін тыныш режимде орнату параметрлері

 

Параметрдің атауы

Параметрдің сипаттамасы

Қолжетімді мәндері

EULA

Лицензиялық келісімнің шарттарымен келісу. Бұл параметр міндетті болып саналады.

  • 1 – Мен Лицензиялық келісімді толығымен оқып шыққанымды және оның шарттарын қабылдайтынымды растаймын.
  • Басқа мән немесе белгіленбеген – Лицензиялық келісімнің шарттарымен келіспейсіз (орнату жүзеге асырылмайды).

DONT_USE_ANSWER_FILE

iOS MDM серверін орнату параметрі бар xml-файлды қолдану керек пе, керек емес пе.

xml-файл орнату пакеті бар жиынтықпен бірге жеткізіледі немесе Басқару серверінде бар. Файлға апаратын қосымша жолды көрсетудің қажеті жоқ.

Бұл параметр міндетті болып саналады.

  • 1 – параметрлері бар XML-файлды қолданбау.
  • Басқа мән немесе белгіленбеген – параметрлері бар XML-файлды қолдану.

INSTALLDIR

iOS MDM серверін орнату қалтасы.

Бұл параметр міндетті емес.

Жол мәні, мысалы, INSTALLDIR=\"C:\install\".

CONNECTORPORT

iOS MDM қызметін Желілік агентке қосудың жергілікті порты.

Әдепкі бойынша 9799-порт орнатылған.

Бұл параметр міндетті емес.

Сандық мән.

LOCALSERVERPORT

Желілік агентті iOS MDM қызметіне қосудың жергілікті порты.

Әдепкі бойынша 9899-порт орнатылған.

Бұл параметр міндетті емес.

Сандық мән.

EXTERNALSERVERPORT

Құрылғыны iOS MDM серверіне қосуға арналған порт.

Әдепкі бойынша 443-порт орнатылған.

Бұл параметр міндетті емес.

Сандық мән.

EXTERNAL_SERVER_URL

iOS MDM сервері орнатылатын клиент құрылғысының сыртқы мекенжайы. Бұл мекенжай басқарылатын ұялы құрылғыларды iOS MDM қызметіне қосу үшін қолданылады. Клиент құрылғысы, оған iOS MDM қызметін қосу үшін қолжетімді болуы тиіс.

Мекенжайға URL схемасы мен порт нөмірі кірмеуі тиіс, себебі бұл мәндер автоматты түрде қосылады.

Бұл параметр міндетті емес.

  • Құрылғының FQDN атауы (мысалы, mdm.example.com).
  • Құрылғының NetBIOS атауы.
  • Құрылғының IP мекенжайы.

WORKFOLDER

iOS MDM серверінің жұмыс қалтасы.

Жұмыс қалтасы көрсетілмесе, әдепкі бойынша деректер қалтаға жазылады.

Бұл параметр міндетті емес.

Жол мәні, мысалы, WORKFOLDER=\"C:\work\".

MTNCY

iOS MDM серверін бірнеше виртуалды Серверлермен бірге қолдану.

Бұл параметр міндетті емес.

  • 1 – iOS MDM серверін бірнеше виртуалды Басқару сервері қолданады.
  • Басқа мән немесе белгіленбеген – iOS MDM серверін бірнеше виртуалды Басқару сервері қолданбайды.

Мысалы:

\exec\setup.exe /s /v"EULA=1 DONT_USE_ANSWER_FILE=1 EXTERNALSERVERPORT=9443 EXTERNAL_SERVER_URL=\"www.test-mdm.com\""

iOS MDM серверін орнату параметрлері "iOS MDM серверін орнату" бөлімінде толық сипатталған.

Басына оралу